Жеке тұлғалар сізге Kaspi Gold-қа жеке мақсатта аударымдар жібере алады.
Салық органы кіріс аударымының мақсаты туралы ақпарат сұратса, оның кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс еместігін дәлелдеуіңіз керек. Мысалы, жіберушінің туысыңыз екенін растауыңыз керек немесе соманы қайтаруға негіз болған борыштық қолхатты көрсетуіңіз керек.
Kaspi Gold-қа тауарлар немесе қызметтер үшін аударымдарды қабылдасаңыз, табыс сомасының 10% -ы мөлшерінде ЖТС төлеуіңіз керек.
Заңнама талаптарын сақтау үшін ЖК-ні тіркеп, кәсіпкерлік шотқа төлем алғаныңыз дұрыс.
Kaspi Pay бизнес үшін үздік мобильді қосымшасында осындай шотты тегін аша аласыз, сондай-ақ фискалдық чектерді беру үшін Kaspi Кассаны қоса аласыз.