Заңнамаға сай 2026 жылы салық органының сұратуы бойынша барлық банктер кәсіпкерлік қызметке арналмаған шотқа қатарынан 3 айдың ішінде әртүрлі адамдардан айына 100-ден астам ақша аударымын алатын жеке тұлғалардың тізімін беруге міндетті. Деректер 2025 жыл үшін беріледі.
Мысал: Сіз қаңтар, ақпан және наурыз айларында Kaspi Gold-қа айына 100-ден астам ақша аударымын алдыңыз. Kaspi.kz бұл туралы салық органына хабарлайды.
2023 жылы мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайы (зайыбы) туралы ақпарат ұсыну басталған.
2024 жылы мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) тізімге қосылады.
2025 жылы жеке кәсіпкерлер, компаниялардың басшылары, құрылтайшылары мен акционерлері, сондай-ақ оларда үлесі бар адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы) тізімге қосылады.
Барлық жағдайда алдыңғы жыл үшін мәліметтер беріледі.
Егер тауарларыңыз немесе қызметтеріңіз үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған шотқа қабылдасаңыз, ЖК-ні тіркеп, бұл сомаларды кәсіпкерлік шотқа, мысалы, Kaspi Pay-ге алып, салық есебінде оларды кіріс ретінде көрсеткеніңіз жөн. Kaspi Pay-де сондай-ақ фискалдық чектерді беру үшін Kaspi Кассаны тегін қоса аласыз.