Заң бойынша кәсіпкерлер тауар немесе қызмет үшін төлемді қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз қабылдауға міндетті.
Әр сатылым үшін клиентке фискалдық чек беріп, кіріс сомасын салық есебінде көрсету қажет.
Егер сатып алушыға картамен немесе QR-дың көмегімен төлеуден бас тартылса, ол МКД-ға кәсіпкерге шағым келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, бизнесіңізді салық органы тексеруі мүмкін. Бұзушылық болған жағдайда бірінші рет ескерту жасалады, ал қайталанған жағдайда: бизнестің көлеміне қарай 40-тан 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
Заңнама талаптарын сақтап, айыппұлдан қауіптенбес үшін, Kaspi Pay-ге қосылып, кәсіпкерлік қызметке арналған шотты аша аласыз және фискалдық чектерді беру үшін Kaspi Кассаны тегін қоса аласыз.