Kaspi Pay / Серіктестер үшін Kaspi Гид / Аударым / Аударымдар тарихы Аударымдар тарихы
  • Kaspi Pay-де төлем жасағаннан кейін автоматты түрде аударымды растайтын мөрі бар төлем тапсырмасын аласыз және қажет болған жағдайда оны банктік құжат ретінде ұсынуға болады.

     

    Kaspi Pay мобильді қосымшасында:

     

    • мына сервиске өтіңіз: Аударым → Тарих;
    • «Өткізілді» күйіндегі қажетті аударымды, ары қарай «Түбіртекті жолдау» деп таңдаңыз;
    • валютамен, ақша аудару үшін: Төлем тапсырмасын немесе SWIFT түбіртегін таңдаңыз.


    Сіз смартфоныңызға орнатылған кез келген бағдарламаның көмегімен төлем тапсырмасын/түбіртекті жіберіп, содан кейін басып шығара аласыз.


    Kaspi Pay веб-нұсқасында төлем тапсырмасын көру, басып шығару, экспорттау үшін немесе SWIFT растауын алу үшін:

     

    • мына сервиске өтіңіз: Аударым → Тарих;
    • «Өткізілді» күйіндегі қажетті аударымды таңдаңыз;
    • оң жақтағы үш нүктені басып, қажетті әрекетті көрсетіңіз.
    Жаңартылды 26.06.2024
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?