• Мұны екі тәсілмен жасауға болады:

     

    Kaspi Pay веб-нұсқасында

    Төлемдер → Валютамен төлемдер → Жасау.

     

    Kaspi Pay қосымшасында

    Аударым → Контрагентке.

     

    Рубльмен есептен алынатын шотты көрсетіңіз.

     

    Егер баламасы 10 000 доллардан асатын сомаға келісімшартыңыз болса, оны тізімнен таңдаңыз.

     

    Бұдан әрі кириллицамен келесі ақпаратты толтырыңыз:

     

    Алушы

     

    • компанияның атауы немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні;

     

    • КБе (бенефициардың коды);

    Үлгілер көрсетілген көмекші ақпаратты қарау үшін  басыңыз.

     

    • алушының нақты мекенжайы;

    Міндетті жолдар: ел және қала. Қалғанын қалауыңыз бойынша көрсетуге болады: ықшамаудан, көше, үй, корпус немесе құрылыс. Мысалы: Петров көшесі, 1-үй, 2-корпус.

     

    • ЖСН;

    Заңды тұлғалар үшін — 10 таңба, ЖК мен жеке тұлғалар үшін — 12 таңба.

     

    • ЕҚСК;

    Егер РФ-тағы 03-тен басталатын шотқа аударым жасасаңыз.

     

    • банктің BIC;

     

    • шот.

     

    Егер ақшаны басқа елге жіберсеңіз, «Делдал банк» деп таңдаңыз. РФ үшін бұл міндетті емес.

     

    Төлем деректемелері

     

    • сомасы;

     

    • комиссия есептен алынатын шот;

    Әдепкі бойынша Kaspi Pay Шоты таңдалады, бірақ қосымша валюталық шотты таңдауға болады.

     

    • төлем мақсатының коды (ТМК).

    Мысалдары бар пайдалы ақпаратты көру үшін «Қай ТМК-ны таңдау керек?» деп басыңыз.

     

    • валюталық операцияның коды (ВОК);

     

    • төлем мақсаты.

    Мыналарды көрсетіңіз:

    аударымның мақсаты немесе мәміленің мәні;

    тауардың немесе қызметтің атауы.

    Егер аударымды РФ-тан басқа елге жіберсеңіз, қосымша мыналарды енгізіңіз:

    компанияның атауы немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні;

    оның шот нөмірі;

    шетелдік алушы банктің SWIFT коды.

     

    Бүкіл ақпаратты тексеріп, «Аудару» деп басыңыз.

     

    Kaspi Pay веб-нұсқасында жасалған немесе бухгалтер жасаған операцияларды растау қажет. Мұны компанияның басшысы немесе басқарушысы жасай алады. Ол үшін Kaspi Pay қосымшасында Аударымдар сервисін ашып  → Растауға жолдау → Шығыс деп басыңыз. Бір немесе бірнеше төлемді таңдап, «Растау» деп басыңыз және хабарламадағы кодты енгізіңіз.

     

    Келесі жолы осы төлемді қайталау үшін «Таңдаулы бөлімінде сақтау» белгісін қоя аласыз.

     

    Аударымды сағат 17:00-ге дейін жіберуге болады. Ақша 5 жұмыс күніне дейін түседі.

     

    Назар аударыңыз: қажет болған жағдайда Kaspi Pay қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратуы мүмкін. Олар валюталық бақылау аясында тексеру жүргізу үшін қажет. Егер келісімшарт немесе инвойс шет тілінде болса, Kaspi Pay оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын сұратуға құқылы.

    Жаңартылды 28.07.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?