Растаушы құжаттардың тізімі келісімшарттың немесе инвойстың сомасына байланысты:
Баламасы 10 000 АҚШ долларынан кем болса
Аударымды құжаттарсыз жіберуге болады.
Баламасы 10 000 АҚШ долларынан көп болса
Келісімшартты, инвойсты немесе басқа құжаттарды тіркеңіз.
Баламасы 50 000 АҚШ долларынан көп болса немесе қосымшалардан, шоттардан немесе сипаттамалардан құралатын жалпы сомасы көрсетілмесе
Kaspi Pay қосымшасында келісімшарттың есептік нөмірін (КЕН) алу керек. Ол валюта қозғалысын, сондай-ақ тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және ақы төлеу мерзімдерін бақылау үшін қажет.
Назар аударыңыз: Қажет болғанда Kaspi Pay қосымша құжаттар мен деректерді, сондай-ақ келісімшарттың немесе инвойстың қазақ не орыс тіліндегі аудармасын сұратуы мүмкін.
Жаңартылды 27.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Валютамен ақша аудару