Валютамен ақшаны мынадай жолдармен аударуға болады:
Kaspi Pay мобильді қосымшасында
Аударымдар → Контрагентке.
Kaspi Pay веб-нұсқасында
Төлемдер → Валютамен төлемдер → Жасау.
Үлгіні ағылшын тілінде толтырыңыз. Егер аударым рубльмен болса, бұл жағдайда орыс тілінде жазу қажет:
Жөнелтуші
Ақша есептен шығарылатын шотты таңдаңыз.
Веб-нұсқада автоматты түрде валютадағы шот көрсетіледі.
Алушы
Мыналарды көрсетіңіз:
- компанияның атауы немесе жеке кәсіпкердің аты латын әріптерімен;
- БеК;
- мекенжайы. Міндетті жолдар: ел және қала. Мәліметтері: ықшамаудан, көше, үй, корпус немесе құрылыс – қалауына қарай;
Мысалы: Samal 1 Microdistrict немесе Петров к-сі, 1-үй, 2-корпус.
- шоттың нөмірі;
- Алушының шоты ашылған банктің BIC немесе SWIFT коды.
- СТН, егер сіз Ресейге рубльмен аударым жіберсеңіз;
- Шот немесе IBAN.
Егер сіз делдал контрагентке ақша аударсаңыз немесе оны басқа компания немесе адам үшін жіберсеңіз, нақты төлеушінің немесе алушының мәліметтерін қосыңыз.
Төлем деректемелері
Мына жолдарды толтырыңыз:
- сома;
Төменде аударым үшін комиссия мөлшері көрсетілген.
- комиссияны есептен шығару шоты;
Әдепкі қалпы бойынша Kaspi Pay шоты, бірақ сіз валютадағы қосымша шотты таңдай аласыз.
- төлем мақсатының коды (ТМК);
- төлем мақсаты;
- валюталық операция коды (ВОК).
ек Ресейге рубльмен аударымдар үшін.
Содан кейін «Растау» деп басып, хабарламадағы кодты енгізіңіз.
Веб-нұсқада жасалған аударымды растау үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Аударым сервисіне → Растауға → Шығыс өтіп, қажетті төлемді таңдаңыз, «Растау» деп басып, хабарламадағы кодты енгізіңіз.
Аударымды тек компания басшысы және «Басқарушы» рөліндегі қызметкер растай алады.
Назар аударыңыз: қажет болғанда Kaspi Pay құжаттар мен деректерді қосымша сұратуы мүмкін. Құжаттар валюталық бақылау аясында тексеру үшін керек. Егер келісімшарт пен инвойс шетел тілінде болса, Kaspi Pay мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған құжатты сұратуы мүмкін.
Жаңартылды 24.11.2025Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Валютамен ақша аудару