Баламасы 10 000 АҚШ долларынан аз соманың аударымын есепке жазу үшін құжаттар қажет емес. Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы мына сервиске өтіңіз: Аударым → Растауға жолдау → Кіріс, қажетті аударымды таңдап, аудару мақсатын көрсетіңіз, «Растау» деп бассаңыз болды.
Келісімшарт бойынша баламасы 10 000 АҚШ долларынан көп сомаға валютамен кіріс аударымды аудару үшін ол бойынша аударым түскен құжаттарды қоса тіркеу керек. Көбінесе бұл келісімшарт немесе инвойс.
Егер валютадағы өз қаражатыңызды басқа банктен Kaspi Pay-дегі шотқа аударсаңыз, валютаның шығу көзі:
- экспорттық түсім;
- ішкі валюта нарығында: қашан және қандай келісімшарт бойынша сатып ішкі валюта нарығында: қашан және қандай келісімшарт бойынша сатып алынғаны көрсетілген өтінішті қоса тіркеуіңіз керек.
Қажет болғанда Kaspi Pay қосымша құжаттар мен деректерді, сондай-ақ келісімшарттың немесе инвойстың мемлекеттік не орыс тіліндегі аудармасын сұратуы мүмкін.