Kaspi Pay мобильді қосымшасында Аударым → Растауға жолдау → Кіріс сервисіне өтіп, керегін таңдаңыз. Аудару мақсатын: тауардың атауын немесе қызмет түрін көрсетіңіз.
Қажет болса мына құжаттарды ұсыныңыз:
Валюталық келісімшарт
егер баламасы 10 000 АҚШ долларынан көп алсаңыз.
Жаңа келісімшартты «Келісім-шарттар бойынша төлем» бөлімінде жасауға болады.
Валюталық бақылаушы оны бір сағаттың ішінде тексереді — жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін. Нәтижесі Kaspi Pay мобильді қосымшасында хабарламамен келеді.
Ақшаның шығу көзі туралы өтініш
егер басқа банктен өз қаражатыңызды аударсаңыз.
Ақшаның шығу көзі:
- экспорттық түсім;
- ішкі валюта нарығында сатып алу болуы мүмкін: валютаны сатып алған күніңізді және өзіңіз пайдаланған келісімшарттың нөмірін көрсетіңіз.
Сосын «Кіріс төлемді растау» деп басыңыз да, SMS-тегі кодты енгізіңіз.
Ақша Kaspi Pay-дегі шотыңызға бір сағаттың ішінде түседі. Kaspi Pay мобильді қосымшасында Сізге бұл туралы хабарлама келеді.
Назар аударыңыз:
- тексеру уақыты ұлғаюы мүмкін;
- Kaspi Pay аударым сомасына қарамастан, қосымша деректерді, құжаттарды немесе олардың мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын сұратуы мүмкін.