- Жаңартылды 28.04.2025
Kaspi Pay-те тек теңгедегі төлемдерді импорттауға болады. Ол үшін оларды 1С-тен мынадай пішімде:
- «Банк клиенті» — бухгалтерлік жүйелермен деректер алмасу үшін бірегей пішімде;
- МТ100 немесе МТ102 — халықаралық пішімде жүктеп алыңыз.
Содан кейін Kaspi Pay веб-нұсқасында Платежи → Платежи в тенге → Импорт бөліміне өтіп, «Выбрать файл» деп басыңыз да, қажетті файлды жүктеңіз.
Аударымды қарау, өңдеу, растау немесе өшіру үшін Платежи → Платежи в тенге → Текущие бөліміне өтіңіз, оң жақтағы үш нүктені басып, қажетті әрекетті таңдаңыз.
Төлемді компания басшысы және «Басқарушы» рөліндегі қызметкер растай алады.
Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Переводы → На подтверждение → Исходящие бөліміне өтіп, қажетті төлемді таңдап, «Подтвердить» деп басып, хабарламадағы кодты енгізіңіз.
Назар аударыңыз: егер импорттаған кезде қателер пайда болса, ақпаратты 1С-те өңдеңіз немесе файлды компьютерге сақтап, оған өзгерістер енгізіңіз. Содан кейін файлды қайта жүктеп көріңіз.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?