ҚР Салық кодексіне сәйкес, егер ол алушының табысы болса, Kaspi Pay шотынан басқа адамның (ЖК емес) Kaspi Gold шотына, ақша аударғаны үшін салық салынады. Мысалы, компанияңызға көрсетілген қызмет үшін. Мұндай жағдайда соманың 10% мөлшерінде ЖТС мен әлеуметтік төлемдер төлеу қажет.
Қанша, ақша және қай мерзім үшін төлеу керектігін білу үшін бухгалтерге немесе МКК-ға хабарласуыңыз керек.
Егер басқа адамның жеке шотына аударым оның немесе сіздің кәсіпкерлік қызметіңізбен байланысты болмаса, ақшаны өзіңіздің Kaspi Gold-ыңыздан жіберіңіз. Сонда, ақша аударымы туралы, ақпаратты салық есебіне қосудың қажеті болмайды.