250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қайтарылған соманы қолма-қол ақша жинағы ретінде көрсете аласыз. Егер ақшаны кешірек алсаңыз, декларацияда борышкер туралы ақпаратты көрсетіңіз. Ол үшін нотариалды растау керек.
Есептілікте 10 000 АЕК немесе одан аз мөлшердегі қолма-қол ақшаны көрсетуге болады. Егер жинақтарыңыздың мөлшері асып кетсе, қалған бөлігін жеке шотыңызға салыңыз және декларацияда көрсетпеңіз. Банк шоттарыңыздағы кәсіпкерлік қызметке арналмаған қаражат қалдығы туралы деректерді жылдың соңында салық органына береді.