• 5.

    Қазақстанда кірістер туралы декларацияға қандай мәліметтерді енгізуім керек?

    Жаңартылды 06.06.2024

    Бірінші рет 250-нысан бойынша есеп тапсыру керек. Онда 2023 жылғы 31 желтоқсанда сізде болған активтер мен міндеттемелерді көрсетіңіз:

    Қазақстанда және одан тысқары жерлерде
     

    инвестициялық алтын;
     

    10 000 АЕК немесе одан аз мөлшердегі қолма-қол ақша;
     

    сенімгерлік басқаруға берілген мүлік;
     

    жылжымайтын мүлік құрылысына үлестік қатысу;
     

    бағалы қағаздар, өндірістік қаржы құралдары (ӨҚҚ), цифрлық активтер;
     

    инвестициялық пай қорларындағы (ИПҚ) пайлар, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
     

    дебиторлық, кредиторлық берешек;

     

    бағалау құны 1 000 АЕК-тен артық басқа мүлік — өз қалауымен толтырылады.

     

    тысқары жерлерде
     

    жылжымайтын мүлік;
     

    көлік құралдары;
     

    шетелдік банктердегі шоттар мен депозиттердегі жалпы сомасы 1 000 АЕК-тен артық ақша;
     

    АҚ-тан басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі.

     

    Ол үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» сервисіне өтіп, «250- нысан бойынша декларация» деп басыңыз. Мына деректерді көрсетіңіз:
     

    • телефон нөмірі,
     

    • тұрақты тіркеу орны бойынша  салық органы-– оны 1414 телефон нөмірі бойынша біле аласыз.
     

    Одан кейін экрандағы кейінгі әрекеттерді орындаңыз.

     

    Әр келесі жылы кірістер мен мүлік туралы – 270-нысан толтырылады. Онда қандай жаңа активтердің пайда болғанын және қайсысын сатқаныңызды көрсетуіңіз керек.

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді. Жауап пайдалы болды ма?