Кіріс туралы декларацияны:
- Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары;
- салық резиденттері беруі керек.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары кірісін декларациялайды.
2024 жылы ЖК, сондай-ақ ЖШС, басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары немесе басшылары, олардың жұбайлары есептілікті ұсынады. Егер сіз Қазақстанның бейрезиденті болсаңыз, 2024 жылы ұсынудың қажеті жоқ.
2025 жылы барлық жеке тұлға декларация береді. Оның ішінде 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша:
- ол бойынша құқықтар немесе мәмілелер Қазақстанда мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі;
- Қазақстанда тұрғын үй құрылысында үлесі бар бейрезиденттер береді.