Жеке тұлғаларды жалпыға бірдей декларациялау — бұл кірістер мен шығыстар туралы есептілік. Оны:
- Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары;
- салық резиденттері;
- Қазақстанда бизнес жүргізетін бейрезиденттер тапсыруы тиіс.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кіріс туралы декларацияны мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы (зайыбы) тапсырады.
2024 жылы есептілікті ЖК, сондай-ақ ЖШС, басқа да заңды тұлғалардың құрылтайшылары немесе басшылары мен олардың жұбайы (зайыбы) тапсырады.
2025 жылы — барлық жеке тұлғалар тапсырады.
Бiрiншi рет 250-нысан бойынша активтер мен мiндеттемелер туралы есеп тапсыру керек.
Әр келесі жылы кірістер мен мүлік туралы 270-нысан толтырылады. Онда қандай жаңа активтердің пайда болғанын және қайсысын сатқаныңызды хабарлауыңыз керек.