• 2024 жылы ЖК, ЖШС, басқа да заңды тұлғалардың иегерлері мен басшылары және олардың жұбайы (зайыбы) 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есеп тапсырады. Декларацияны қағаз жеткізгіште 15 шілдеге дейін және электрондық түрде 15 қыркүйекке дейін ұсыну керек.

     

    Әр келесі жылы кірістер мен мүлік туралы 270-нысан толтырылады. Онда қандай жаңа активтердің пайда болғанын және қайсысын сатқаныңызды хабарлауыңыз керек.

     

    Егер кәсіпкер болсаңыз, декларацияда:

     

    • ЖК-тан түскен кіріс туралы хабарлау керек
      егер ЖТС төлеп жүрсеңіз және жеке кәсіпкер ретінде салық есептілігін тапсырып жүрсеңіз, жеке тұлға ретінде бұл сомадан салық төлемейсіз.
       
    • акциялар және заңды тұлғалардағы қатысу үлестері бойынша дивиденд түріндегі кіріс туралы хабарлау керек
      жеке тұлғалар үшін салық алынбайды, өйткені оларды төлейтін ұйым ЖТС өз бетінше төлейді.
    Жаңартылды 25.04.2024
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?