• Жалпыға бірдей декларациялау бизнеске әсер етпейді. Бұл жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстары туралы есептілік.

       

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кіріс туралы декларацияны мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы (зайыбы) тапсырады.

       

      2024 жылы есептілікті ЖК, сондай-ақ ЖШС, басқа да заңды тұлғалардың құрылтайшылары немесе басшылары және олардың жұбайы  (зайыбы) тапсырады.

       

      2025 жылы - барлық жеке тұлғалар тапсырады.

       

      Бiрiншi рет 250-нысан бойынша активтер мен мiндеттемелер туралы есепті тапсыру керек. Декларацияны қағаз жеткізгіште 15 шілдеге дейін және электрондық түрде 15 қыркүйекке дейін ұсыну керек.

       

      Әр келесі жылы кірістер мен мүлік туралы – 270-нысан толтырылады. Онда қандай жаңа активтердің пайда болғанын және қайсысын сатқаныңызды көрсету керек.

       

      Егер кәсіпкер болсаңыз, декларацияда:
       

      • ЖК-тан түскен кіріс туралы хабарлау керек
        егер ЖТС төлеп жүрсеңіз және жеке кәсіпкер ретінде салық есептілігін тапсырып жүрсеңіз, жеке тұлға ретінде бұл сомадан салық төлемейсіз.
         
      • акциялар және заңды тұлғалардағы қатысу үлестері бойынша дивиденд түріндегі кіріс  туралы хабарлау керек
        жеке тұлғалар үшін салық алынбайды, өйткені оларды төлейтін ұйым ЖТС өзщ бетінше төлейді.
        Жаңартылды 25.04.2024
        Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
        Жауап пайдалы болды ма?