Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны беру үшін «Мемлекеттік қызметтер» сервисіне өтіп, «250-нысан бойынша декларация» деп басыңыз. Деректерді көрсетіңіз:
• телефон нөмірі,
• тұрақты тіркеу орны бойынша салық органы – өз салық органыңызды 1414 телефон нөмірі бойынша біле аласыз.
Одан кейін экрандағы кейінгі әрекеттерді орындаңыз.
Мынадай активтер мен міндеттемелер бар болса, оларды 250-нысан бойынша декларацияда көрсетіңіз:
Қазақстанда және одан тысқары жерлерде
инвестициялық алтын;
10 000 АЕК немесе одан аз мөлшердегі қолма-қол ақша;
сенімгерлік басқаруға берілген мүлік;
жылжымайтын мүлік құрылысына үлестік қатысу;
бағалы қағаздар, өндірістік қаржы құралдары (ӨҚҚ),
цифрлық активтер;
инвестициялық пай қорларындағы (ИПҚ) пайлар, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
дебиторлық, кредиторлық берешек;
бағалау құны 1 000 АЕК-тен артық басқа мүлік — өз қалауымен толтырылады.
тысқары жерлерде
жылжымайтын мүлік;
көлік құралдары;
шетелдік банктердегі шоттар мен депозиттердегі жалпы сомасы 1 000 АЕК-тен артық ақша;
АҚ-тан басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі.
Мемлекеттік қызметтер → Өтінімдерім сервисінде өтінімнің күйін тексере аласыз. Декларацияны тапсырғаннан кейін бір сағаттың ішінде Kaspi.kz мобильді қосымшасына сізге мемлекеттік органдардан: есептің қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы, оның себебі және одан кейінгі ұсынымдар туралы хабарлама келеді. Егер демалыс немесе мерекелік күндері өтінім берсеңіз, ол бірінші жұмыс күні келеді.