Бұл серіктестің тауар сапасының көрсеткіші.
Онда сатып алушылар мынадай себептермен қайтарылған тапсырыстар ескеріледі:
- Суреттегідей не сипаттамадағыдай емес
- Істемейді не нашар істейді
- Түпнұсқа емес
- IMEI расталмаған
тек смартфондар мен планшеттер үшін.
Есептеу формуласы:
Қайтарылғандар саны / Барлық берілген тапсырыс * 100%
Көрсеткіш соңғы 30 күннің ішінде 10 тапсырысы бар серіктестер үшін немесе үшінші рет қайтарылғаннан кейін есептеледі.
Қайтарылғандар үлесі дүкеніңізден сатып алған заттардың жалпы санының 2%-нан аз болуы керек. Егер жоғары болса, бұл сатушының сапа көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды бұзады. Бұл жағдайда ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шектеу шарасы қолданылуы мүмкін.
Ақпаратпен толығырақ құжаттан таныса аласыз.
Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушысы кабинетінде сапа көрсеткіштері мен есептеулер кезінде ескерілген тапсырыстарды көре аласыз. Сізге деректерді талдау ыңғайлы болуы үшін олар санаттар, брендтер, тауарлар және сату орындары бойынша бірнеше бөлімге топтастырылған.
Жаңартылды 19.03.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Cапа көрсеткіштері