• Kaspi.kz-тегі Магазинде «Ресми сатушы» мәртебесін:

     

    • брендтің иелері;

    • ресми дистрибьюторлар;

    • өнімді ресми жеткізушіден сатып алатын, сапа көрсеткіштерін «Қалыпты» және одан жоғары деңгейде сақтайтын серіктестер ала алады.

     

    Kaspi.kz-тегі Магазиннің серіктесі мәртебені алу үшін өндіруші немесе дистрибьютор корпоративтік электрондық пошта мекенжайынан qc@kaspi.kz мекенжайына хат жіберуі керек.

     

    Хатқа:

     

    •  Қазпатентте немесе Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында тіркелген тауар белгісіне куәлікті немесе лицензияны;

     

    • мәртебе берілетін Kaspi.kz-тегі Магазиннің серіктесі туралы деректер бар файлды тіркеу керек.

     

    Брендке арналған файл үлгісі

    Дистрибьюторға арналған файл үлгісі

     

    «Ресми сатушы» мәртебесі әр тауар белгісі бойынша жеке беріледі.  

     

    Назар аударыңыз: мәртебе тек «Сұлулық және денсаулық» санатында қолжетімді. Оны әзірге барлық ресми сатушы алған жоқ — Kaspi.kz брендтердің өтінімдерін біртіндеп қарастырады.

    Жаңартылды 05.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?