• «Ресми сатушы» мәртебесін өнімді өндірушіден немесе ресми дистрибьютордан сатып алатын, сондай-ақ сапа көрсеткіштерін «Қалыпты» және одан жоғары деңгейде сақтайтын серіктестер ала алады.

     

    Бұл үшін жеткізушіге хабарласыңыз. Ол корпоративтік электрондық пошта мекенжайынан qc@kaspi.kz мекенжайына хат жіберуі керек.  

     

    Хатқа:

     

    •  Қазпатентте немесе Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында тіркелген тауар белгісіне куәлікті немесе лицензияны;

     

    • Kaspi.kz-тегі Магазинде компанияңыз туралы деректер көрсетілген файлды тіркеу керек: үлгіні жүктеу.  

     

    Шешімі жазылған хабарлама өндірушіге немесе дистрибьюторға 14 күнтізбелік күні ішінде келеді. Нәтижесін білу үшін оған хабарласыңыз.

     

    «Ресми сатушы» мәртебесі әр тауар белгісі бойынша жеке беріледі.

     

    Назар аударыңыз: мәртебе тек «Сұлулық және денсаулық» санатында қолжетімді. Оны әзірге барлық ресми сатушы алған жоқ — Kaspi.kz брендтердің өтінімдерін біртіндеп қарастырады.

    Жаңартылды 07.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?