Бұл үшін сізде 8.7 және одан жоғары iiko нұсқалары орнатылуы тиіс.
Kaspi QR кассаға орналастыру үшін Kaspi Pay қосымшасында қосымша тапсырыс беріңіз. Kaspi Pay қосымшасында Компанияның профилі → Сату орындары деп өтіп, керегіңізді ашыңыз. Kaspi Мейрамханалар → Үстелдерге QR-кодтар алдыру деп таңдаңыз. Kaspi QR түрін және түсін көрсетіп, «Жалғастыру» деп басыңыз. Бұдан кейін жақын орналасқан Kaspi Postomat көрсетілген карта ашылады. Тапсырысты олардың кез келгенінен ала аласыз.
Ресімдеуді аяқтағанда Kaspi Pay қосымшасына хабарлама келеді. Онда:
- Kaspi Postomat;
- жеткізу мерзімі;
- QR кодтардың дизайны көрсетіледі.
Тапсырыстың мәртебесін Kaspi QR-ға тапсырыс берілген сату орнында тексеруге болады.
Сондай-ақ Kaspi Pay мобильді қосымшасында Kaspi Гидпен Чатқа жазуға болады. Менеджер сізбен 3 жұмыс күні ішінде хабарласады. Kaspi Мейрамханалар сервисінің QR-кодтарының қандай дизайнын таңдағаныңызды хабарлаңыз, кассалардың санын атаңыз және нақты жеткізетін күнді келісіңіз.
Қалыпты жағдай бойынша жеткізу мерзімі:
Алматы —7 жұмыс күніне дейін;
Қазақстанның басқа қалалары — 14 жұмыс күніне дейін.
iiko нұсқасын жаңарту үшін бағдарлама жеткізушісіне хабарласыңыз.
Назар аударыңыз: Kaspi Pay қосымшасы біртіндеп жаңартылады.
Жаңартылды 26.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Төлем қабылдау