• Kaspi Мейрамханалар сервисіне бір немесе бірнеше орынды қоса аласыз. Шектеу қойылмаған.

     

    Тамақтану орындары мына шарттарға сәйкес келуі керек:

    • Kaspi Pay мобильді қосымшасына қосылған;
    • басқару жүйесі — 8.7 және одан жоғары нұсқадағы iiko, rKeeper немесе Paloma365;
    • ең аз сатылым сомасы айына 1 000 000 теңгеден жоғары.

     

    Компанияның басшысы мен «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөліндегі  қызметкер қосылуға өтінім бере алады.

     

    iiko нұсқасын жаңарту үшін бағдарламаның жеткізушісіне хабарласу қажет.

     

    Бірінші тамақтану орны

    Kaspi Pay мобильді қосымшасының басты бетінде «Kaspi Мейрамханалар» деп таңдап, экрандағы кейінгі әрекетті орындаңыз.

     

    Қосымша тамақтану орны

    Kaspi Pay мобильді қосымшасында Kaspi Гидпен Чатқа жазыңыз. Менеджер 3 жұмыс күні ішінде сізге хабарласады. Оған Kaspi Мейрамханалар сервисі  QR-кодының қандай дизайнын таңдағаныңызды хабарлаңыз, үстелдің санын айтып, нақты жеткізетін күнді келісіңіз.

     

    Қалыпты жағдай бойынша жеткізу мерзімі:

    Алматы —7 жұмыс күніне дейін;

    Қазақстанның басқа қалалары — 14 жұмыс күніне дейін.

     

    Назар аударыңыз: iiko нұсқасын жаңарту үшін бағдарлама жеткізушісіне хабарласыңыз.

    Жаңартылды 26.01.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?