Шарттары
Kaspi Мейрамханалар сервисіне «Кафелер мен мейрамханалар» қызмет санаты бар кез келген компанияны қосуға болады. Тамақтану орындары мына шарттарға сәйкес келуі керек:
- Kaspi Pay мобильді қосымшасына қосылған;
- басқару жүйесі — 8.7 және одан жоғары нұсқадағы iiko, rKeeper немесе Paloma365;
- ең аз сатылым сомасы айына 1 000 000 теңгеден жоғары.
Компанияның басшысы мен «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөліндегі қызметкер қосылуға өтінім бере алады.
Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасының басты бетінде «Kaspi Мейрамханалар» деп таңдап, экрандағы кейінгі әрекетті орындаңыз.
Назар аударыңыз: iiko нұсқасын жаңарту үшін бағдарлама жеткізушісіне хабарласу керек.
Жаңартылды 26.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?