Шарттары
Kaspi Мейрамханалар — бұл кафе, мейрамхана асхана, фаст-фуд, бар мен кофехана иелеріне арналған Kaspi Pay-дің ыңғайлы сервисі. Оның көмегімен төлем қабылдауды тездетуге және даяшылардың жұмысын жеңілдетуге болады
Kaspi Мейрамханалар оп-оңай жұмыс істейді:
- серіктес Kaspi Pay қосымшасында сервисті қосады және әр үстелге немесе кассада бірегей QR-кодты орналастырады;
- клиенттер Kaspi.kz мобильді қосымшасында оны сканерлеп, шотты Kaspi Gold, Kaspi Red+ немесе Kaspi Бонуспен төлейді;
- төлем Smart POS-та, iiko, rKeeper немесе Paloma365 жүйесінде көрінеді.
- ақша әр сатылымнан кейін комиссия шегеріліп, Kaspi Pay шотыңызға түседі. Оның мөлшері төлемді қабылдау тәсіліне байланысты:
Kaspi Gold-пен және Kaspi Бонуспен – 0,95%;
Kaspi Red+ арқылы — ҚҚС-пен 7,3%.
Содан кейін соманы бірден пайдалана аласыз.
Kaspi Мейрамханалар сервисіне қосылу тегін.Назар аударыңыз: Kaspi Pay қосымшасы біртіндеп жаңартылады.
Жаңартылды 27.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?