Kaspi POS-пен науқандар
  • Бұл — Kaspi-дің науқаны, ол бойынша кассирлер төлем қабылдағаны үшін бонус алады.

     

    Smart POS арқылы:

     

    • Kaspi QR-мен;

    соның ішінде Бөліп төлеуге, кредитке, Kaspi Red+ арқылы немесе кез келген банктің картасымен

    • Apple Pay, Google Pay және Samsung Pay арқылы байланыссыз төлеммен;
    • Kaspi Gold картасымен;
    • Kaspi Alaqan арқылы;
    • басқа банктердің карталарымен жасалған барлық төлеу тәсілдері есепке алынады.

     

    Қашықтан қабылданған төлем есепке алынбайды.

     

    Науқан 2026 жылғы 1 шілдеде басталып, сауда орындарында қажетті нәтижеге қол жеткізуге қарай біртіндеп аяқталады.

     

    Оған Smart POS арқылы айына айналымы 10 000 000 теңгеден жоғары сауда орындары қатысады.

     

    Бонустың ең жоғары мөлшері — күніне 500, айына 10 000.

     

    Kaspi бонус Kaspi.kz қосымшасында қажетті сатылым көлемі үшін есептеледі,  әр сатылымның ең аз сомасы 50 теңгені құрайды. Оны толық немесе жартылай Kaspi.kz-тегі «Төлемдер» сервисінде, Kaspi.kz-тегі Магазинде, Kaspi Travel-де және Kaspi QR-мен зат сатып алуға жұмсауға болады.

     

    Егер сауда орныңыз науқанға қатысатын болса, Smart POS экранында  бейджі автоматты түрде көрсетіледі.

    Жаңартылды 16.10.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?