Kaspi.kz-тегі «Төлемдер» сервисіндегі серіктестің жеке кабинетінде «Заявки на отмену» бөліміне өтіңіз. Қажетті төлемді таңдап, қайтару сомасын енгізіп, «Подать заявку» басыңыз. Бұл бөлімде сондай-ақ қайтарудың күйін көре аласыз.
Ақша клиенттің Kaspi Gold-ына 1 сағаттың ішінде түседі.
Айрықша жағдай: егер қызметіңіздің санаты — мемлекеттік балабақшалар немесе мектептер болса, сізге pay@kaspi.kz-ке хат жазу қажет. Онда:
- компанияның деректерін — атауы мен БСН;
- төлем туралы ақпаратты — төлем тапсырмасының нөмірін, қайтарудың күні мен сомасын көрсетіңіз.
Өтініш 24 сағаттың ішінде қаралады. Жауап сіз хат жолдаған электрондық мекенжайға келеді.
Клиенттің Kaspi Gold-ына қаражаттың түсу мерзімі 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.