Kaspi Pay
/
Серіктестер үшін Kaspi Гид
/
Kaspi.kz-тегі Төлемдер
/
Төлемдерді қабылдау
Төлемдерді қабылдау
- Жаңартылды 10.06.2025
Kaspi.kz-тегі «Төлемдер» сервисіндегі серіктестің жеке кабинетінде
- «Күшін жоюға өтінім» бөліміне → Өтінім жасау деп өтіңіз;
- Төлем күні, қызмет, ID немесе төлем сомасы бойынша іздеуді пайдаланыңыз,
- «Көрсету» деп, содан кейін қажетті операцияның жанындағы «Төлем ID» басыңыз;
- Соманы енгізіп, «Күшін жоюға өтінім беру» деп таңдаңыз;
Сондай-ақ бұл бөлімде қайтару күйін де көре аласыз.
Ақша клиенттің Kaspi Gold-ына бір күннің ішінде түседі. Егер өтінім сағат 20:00-ден кейін берілсе, ақша келесі күні түседі.
Бұған мемлекеттік балабақшалар немесе мектептер қызмет санаты кірмейді. Төлемді өз бетінше қайтару керек. Мұны шотыңыз ашылған банктің қосымшасы немесе сайты арқылы жасауға болады. Шотқа түскен қаражаттың деректемелерін көрсетіңіз. Төлем мақсатында клиенттің ТАӘ, ЖСН, төлем күнін және қайтарылатын соманы енгізіңіз.
Ақша клиенттің Kaspi Gold-ына 3 жұмыс күні ішінде түседі
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?