Сіз Kaspi Pay қосымшасында өзіңізге немесе басқа клиенттің Kaspi Gold картасына теңгемен ашылған, ағымдағы шоттан комиссиясыз қарапайым аударым жасай аласыз.
Ол үшін «Переводы» → «На любой Kaspi Gold» бөліміне өтіп, жіберу тәсілін таңдаңыз: Телефон немесе Карта.
Телефон нөмірі бойынша:
- Алушының телефон нөмірін көрсетіңіз. Оны қолмен теруге не байланысатын адамдардың тізімінен таңдауға болады.
Назар аударыңыз:
- телефон нөмірі тек алушыны сәйкестендіру үшін қажет. Аударым, ағымдағы шоттан Kaspi Gold-қа аударылады;
- аударымды алушы картаны ресімдеген кезде көрсеткен расталған телефон нөміріне ғана жіберуге болады.
Картаның нөмірі бойынша:
- алушының картасының 16 таңбалы нөмірін көрсетіңіз. Оны қолмен теруге не енгізу жолындағы белгіні басып, картадан сканерлеуге болады.
Соманы көрсетіп, экрандағы әрекетті орындаңыз.
Ақша аударғаннан кейін келесі жолы оңай аудару үшін, «Сохранить в Частые» белгісін қоюыңызға болады.