Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Переводы» → На подтверждение → Входящие сервисіне өтіп, керегін таңдаңыз. Аудару мақсатын: тауардың атауын немесе қызмет түрін көрсетіңіз — содан кейін «Подтвердить входящий платеж» деп басып, SMS-тен кодты енгізіңіз.
Егер баламасы 10 000 АҚШ долларынан көп сомадағы келісімшарт бойынша ақша түссе, оны белгілеп, тізімнен қажетті келісімшартты таңдаңыз немесе «Оплата по контрактам» бөліміне жаңасын қосыңыз.
Барлық деректерді тексергеннен кейін 1 жұмыс сағаты ішінде ақша ағымдағы шотыңызға түседі. Қажет болған жағдайда тексеру уақыты ұзартылуы мүмкін.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында ұйымның басшысына аударылғаны туралы Push-хабарлама келеді.
Қажет болғанда Kaspi Pay қосымша құжаттар мен деректерді, сондай-ақ келісімшарттың немесе инвойстың мемлекеттік не орыс тіліндегі аудармасын сұратуы мүмкін.