Заңға сай банктер қатарынан 3 айдың ішінде әртүрлі адамдардан айына 100-ден астам аударым алатын жеке тұлғалар туралы мәліметтерді салық органдарына беруге міндетті.
2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларына, квазимемлекеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне қатысты деректер беріледі.
2024 жылдан бастап ЖК мен компанияның басшылары қосылады.
2025 жылдан бастап клиенттердің қалған санаттары қосылады.
Егер, ақша аударымын достарыңыз бен жақындарыңыздан алсаңыз, сіз оған қам жемеңіз. Банк құпиясын сақтау талаптарына сәйкес сіздің ақша аударымыңыз туралы деректер салық органдарына берілмейді. Сіз бұрынғыдай жеке мақсатыңыз үшін, ақша аудара аласыз және қабылдай аласыз.
Салық салу туралы толық ақпаратты 1414 нөмірі арқылы біле аласыз.