Заңға сай банктер салық органдарына кәсіпкерлік қызметке арналмаған шотқа қатарынан 3 айдың ішінде әртүрлі адамдардан айына 100-ден астам аударым алатын жеке тұлғалар туралы, ақпаратты беруге тиіс болады.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын;
- мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті, сондай-ақ оларға теңестірілген;
- ҚР заңына сәйкес декларация тапсыруға міндетті;
- мемлекеттік мекемелерде және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс істейтін тұлғалар мен олардың жұбайларына қатысты деректерді беру басталды. Бұған ҚР Салық кодексінде көрсетілген тұлғалар кірмейді.
2024 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен жұмыскерлері және оларды жұбайлары қосылады.
2025 жылдан бастап клиенттердің басқа санаттары қосылады.
Егер достарыңыз бен жақындарыңыздан, ақша аударымдарын алсаңыз, алаңдайтын ештеңе жоқ. Банк құпиясын сақтау талаптарына сәйкес аударымдарыңыз туралы деректер салық органдарына берілмейді. Жеке басыңыздың мақсатында бұрынғыдай, ақша аударымын жасап, қабылдай берсеңіз болады.
Салық салу туралы толығырақ ақпаратты 1414 нөмірі арқылы біле аласыз.