Басшы
Kaspi Pay мобильді қосымшасында телефон нөмірін екі тәсілмен өзгертуге болады:
- Бұрынғы нөмірмен авторизациядан өтіңіз. Сосын мәзір жолында Сервистер → Кіру/Тіркелу деп таңдаңыз. Баптаулар → Телефон нөмірін өзгерту деп басыңыз.
- Жаңа нөмірмен тіркеліңіз. Компанияңыздың ЖСН немесе БСН енгізіңіз. Нөмірдің ауыстырылғанын растаңыз.
Қызметкер
Басшы Kaspi Pay қосымшасында Сервистер → Баптаулар → Қызметкерлер бөлімінде ұялы телефон нөміріңізді өзгертуі үшін оған хабарласыңыз. Осыдан кейін жаңа телефон нөмірімен қайта тіркеуден өту қажет.
Төлем тарихы мен шоттар бойынша барлық ақпарат сақталады.
Назар аударыңыз: телефон нөмірін ауыстыру үшін сізді Kaspi.kz бөлімшесіне шақыруы мүмкін. Бұл ақпаратты Kaspi Pay қосымшасынан көресіз.