• «Хабарлама» — бұл Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы және Smart POS-тағы тегін әрі ыңғайлы сервис, ол шоттарыңыздағы қаражаттың қозғалысын кез келген уақытта қадағалап отыруға көмектеседі. Оның көмегімен ұйымдардың басшылары мен кассирлер Kaspi Pay-дің өнімдері мен сервистері бойынша хабарлама алады.

     

    басшыға

     

    аударымдар туралы;

    Business Карта және Бизнес кредит бойынша операциялар туралы;

    кредиттің мақұлданғаны, сондай-ақ ай сайынғы төлемді еске салу туралы;

    Kaspi QR-мен жаңа науқандар туралы;

    хабарландыруды жариялау, өшіру туралы немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы;

    жаңа өнімдер мен сервистердің іске қосылғаны туралы;

    Kaspi Pay Шотына тыйым салынғаны және алынғаны, берешекті төлеу туралы хабарламалар алып тұрасыз.

     

    кассирлерге

     

    Kaspi QR-мен жаңа науқандар туралы;

    мобильді POS-та — қойылған шот бойынша немесе басып шығарылған Kaspi QR арқылы төленгені туралы;

    Smart POS-та — жаңартулар мен техникалық жұмыстар туралы хабарламалар келеді.

     

    Тіркелу үшін және аударымды растау үшін кодтар, сондай-ақ шоттың реквизиттері әрдайым SMS-пен келеді.

    Жаңартылды 20.11.2024
    Қолданушылардың 50% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?