Хабарламалар — Kaspi Pay қосымшасындағы және Smart POS-тағы тегін әрі қолайлы сервис. Ол шоттарыңыздағы ақша қозғалысын бақылауға көмектеседі. Осы сервис арқылы ұйым басшылары мен кассирлер Kaspi Pay өнімдері мен сервистері бойынша хабарламалар алады.
Kaspi Pay қосымшасында келетін хабарламалар:
Басшыға:
аударымдар туралы;
Business Карта және Бизнес Кредит бойынша операциялар туралы;
кредиттің мақұлданғаны және ай сайынғы төлемдер туралы еске салу;
Kaspi QR бойынша жаңа науқандар туралы;
Хабарландыруды жариялау, өшіру немесе мерзімін ұзарту қажеттігі туралы;
жаңа өнімдер мен сервистердің іске қосылғаны туралы;
Kaspi Pay Шотына тыйым салу және тыйымды алу, берешекті төлеу туралы;
Kaspi.kz-тегі Магазиндегі клиенттерден келген хабарламалар;
аударымды растау коды.
Егер хабарламалар өшіріліп тұрса, SMS жіберіледі.
Кассирлерге:
Kaspi QR бойынша жаңа науқандар туралы;
мобильді POS-та — қойылған шот немесе басып шығарылған Kaspi QR арқылы төлем жасалғаны туралы;
Smart POS-та — жаңартулар мен техникалық жұмыстар туралы.
«Басқарушы» немесе «Kaspi.kz-тегі Магазин менеджері» рөліндегі қызметкерлерге:
Kaspi QR бойынша жаңа науқандар туралы;
Kaspi.kz-тегі Магазиндегі клиенттерден келген хабарламалар.
Тіркелу, кіру кодын және телефон нөмірін өзгертуге арналған кодтар әрқашан SMS арқылы жіберіледі.
Жаңартылды 18.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Шарттары