- Жаңартылды 05.02.2025
Параметрлерді баптағанда жарнаманың бағасын өзіңіз белгілейсіз:
Күндік бюджет
Сіз күніне жарнамаға жұмсайтын сомаңыз. Ең азы – 1000 теңге.
Егер жарнаманың бір күндік бюджеті жұмсалып қойса, кампания келесі күнге дейін тоқтатыла тұрады. Сол күнгі өткізуді жалғастыру үшін кампанияның баптауында күндік бюджетті көбейте аласыз. Жарнама автоматты түрде қайта көрсетіле бастайды.
Басқаны үшін баға
Пайдаланушы жарнамалық хабарландырудан тауар карточкасына өткен кезде күндік бюджеттен жұмсалатын сома. Басқаны үшін белгілеуге болатын ең аз баға — 3 теңге.
Жарнама баптауында сізге санатыңыз бойынша басқаны үшін орташа баға көрсетіледі. Оны кампанияның баптауын өзіңіз белгілеген кезде негізге алуға болады.
Алғашқы жарнама кампаниясын бастамас бұрын серіктес 20 000 бонус алады. Жарнаманы тестілеу және кейінгі кампанияны іске қосқанда өнімділікке қол жеткізу үшін оның көмегімен жарнама ақысын төлеуге болады.
Бірінші кезекте бонус жұмсалады. Бұл автоматты түрде жүргізіледі, сізге ештеңе жасаудың қажеті жоқ. Ол таусылғаннан кейін жарнама кампаниясы аяқталғанға дейін төлем күн сайын шотыңыздан алынады.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?