Бас тартудың бірнеше себебі болуы мүмкін:
Оның Kaspi.kz-те немесе басқа банкте мерзімі өткізілген берешегі бар.
Мерзімі өткізілген берешегін өтеп, қайта өтінім беруі керек.
Ол 18 жасқа толмаған.
Бұл — бөліп төлеуді ресімдеу үшін ең төменгі жас.
Шоттарына шектеу қойылған.
Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы → Жеке Банк бөлімінде шотыңызға қойылған шектеу туралы ақпаратты: себебін, күнін, сомасын, толығырақ білу үшін не шектеуді алу үшін қайда бару керектігін білуге болады.
Ол әрекетсіз салық төлеуші.
Қосымша ақпаратты білу үшін өзінің ауданындағы МКК-ге хабарласуы керек.
Ол өз еркімен «Тоқта кредит» банктік қарыз алудан бас тартуға қол қойды.
eGov mobile мобильді қосымшасында бұл қызметті өшіріп, 30 минуттан соң қайтадан өтінім беруі керек.
Ол Қазақстан Республикасының бейрезиденті.
Кредитті тек резидент ресімдей алады.
Егер себебі басқада болса, 10 күннен кейін қайта өтінім беруге болады. Осы уақыт аралығында кредиттік тарих жаңартылады.
Әр нақты жағдайда шешім жеке қабылданады және кредиттік тарихтың сапасы мен төлем қабілеттілігіне байланысты.