Kaspi Pay мобильді қосымшасында Smart POS-ты қайтаруға өтінімді басшы және «Управляющий» немесе «Бухгалтер» рөлі бар қызметкер бере алады.
Ол үшін «Точки продаж и кассиры» бөліміне өтіп, қажетті орынды таңдау керек. Содан кейін қажетті құрылғыға қарама-қарсы үш нүктені басыңыз → «Вернуть Smart POS», сосын әрекетті растаңыз.
3 күннің ішінде сізге курьер хабарласады, ол сауда орнының мекенжайына келіп, құрылғыны алып кетеді.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында Smart POS-тың сәтті қайтарылғаны туралы хабарлама келеді.
Қызмет кез келген уақытта онлайн қолжетімді.