Иә. Кодта төлем жасауға арналған реквизиттер шифрланған — сатып алушы өзінің Kaspi.kz қосымшасында QR-кодты өз бетінше сканерлеп, сомасын енгізе алады. Кассирге төленгені туралы хабарлама бірден келеді.
Компания басшысы, басқарушысы мен бухгалтері Kaspi Pay мобильді қосымшасында QR-кодты басып шығара алады.
Ол үшін «Kaspi Pay» бөлімінде «QR-кодты басып шығару» деп таңдап, ол қажет болған сату орнын көрсету керек.
Төлемді одан да жылдам әрі оңай қабылдау үшін басып шығарылған Kaspi QR-ды кассаға, сатып алушыларға көрінетін жерге қойыңыз.