Санатты ауыстыру үшін компанияңыз бойынша тексеру жүргізіледі – қалаған санатыңыз ағымдағы қызметтің түріне сәйкес келуі керек. Егер сәйкессіздік анықталса, сізге төлем қабылдауды уақытша ажыратуы немесе ынтымақтастықты тоқтата тұруы мүмкін.
Санатты ауыстыруға өтінім қалдыру үшін компания басшысы расталған нөмірден 2323 тегін нөміріне телефон соғуы керек. 1 жұмыс күні ішінде оған өзгертілгені туралы шешіммен Push-хабарлама келеді.
«Өзгесі» санатын Kaspi Pay мобильді қосымшасында өзіңіз ауыстыра аласыз: Kaspi Marketing → Акции с Kaspi QR сервисіне өтіп, қажеттісін таңдаңыз. Ауыстырғаннан кейін сізге таңдалған санат бойынша барлық науқан бірден қолжетімді болады.
Назар аударыңыз: жаңа санат бойынша төлем қабылдағаныңыз үшін комиссия жоғары немесе төмен болуы мүмкін.