Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз, «Подключиться или войти» деп басып, экрандағы әрекеттерді орындаңыз. Оған бар-жоғы 5 минут кетеді.
Қосылғаннан кейін бірден Smart POS-қа тапсырыс бере аласыз.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Сату орындары мен кассирлер» бөліміне өтіңіз, қажетті орынды таңдап, «Smart POS-қа тапсырыс беру» деп басыңыз.
Құрылғылардың санын көрсетіңіз, ең көбі 2. Жеткізу күнін таңдаңыз, оны күнтізбені пайдаланып жасауға болады. Қалыпты жағдай бойынша жеткізу мерзімі — 7 күнге дейін.
Smart POS белгіленген күні сауда орнының мекенжайына жеткізіледі. Курьер сізге алдын ала хабарласады.
Бір сату орны үшін тек бір тапсырыс белсенді болуы мүмкін. Smart POS-қа қайта тапсырыс беру мүмкіндігі барлық жеткізілген құрылғылар іске қосылғаннан кейін немесе тапсырыстың күші жойылғаннан кейін пайда болады.
Қызмет кез келген уақытта онлайн қолжетімді.