Kaspi Gold, Red, Kredit арқылы немесе қашықтан төлем қабылдаған кезде фискалды чек автоматты түрде жасақталып, клиентке Kaspi.kz мобильді қосымшасында жіберіледі.
Егер клиент қолма-қол ақшамен немесе басқа банктің POS-ы арқылы төлесе, онда мобильді POS-та немесе Smart POS-та:
- сатып алу сомасын енгізіп, «Выбить чек» деп басыңыз;
- төлем тәсіліне қарай «Наличными» немесе «Через POS другого банка» деп таңдаңыз;
- әрекетті растап, «Отправить чек клиенту» деп басыңыз;
- сатып алушының телефон нөмірін енгізіп, «Отправить» деп таңдаңыз.
Сатып алушыға фискалды чекке сілтеме бар SMS жіберіледі.
Kaspi Кассамен операциялар туралы ақпаратты басшы Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Отчет по продажам» бөлімінде, ал кассир «История» бөлімінде қарай алады.