Ақша белсенді жарнама науқанының алдыңғы күні үшін есептен шығарылды.
Жарнама шығындары жарнама науқаны барысында алдыңғы күн үшін күн сайын, ағымдағы шотыңыздан автоматты түрде есептен шығарылады. Тауарларды жарнамалаудың жаңа күні Астана қ. уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Жарнаманы тоқтатқаннан кейін немесе оны алып тастағанна кейін, ақша келесі күні Астана қ. уақытымен сағат 09:00-де есептен шығарылады. Егер шотта қаражат жеткіліксіз болса, ол оны толықтырған кезде автоматты түрде есептен шығарылады.