• Жеткізушілерден сатып алған тауарды бөліп төлеу автоматты түрде өтеледі: күн сайын шоттан белгіленген сома алынады. Оны Kaspi Pay қосымшасынан көре аласыз: «Жеке Банк» сервисіне Бөліп төлеп тауар сатып алу деп өтіңіз, экранда күн сайынғы төлеу мөлшері көрсетіледі.

     

    Ақша тек ағымдағы күнгі сатылымнан алынады. Егер ол жеткіліксіз болса, сома клиент сатып алған заттың ақысын төлегеннен кейін бірден алынады. Егер түсім болмаса, Kaspi Pay шотына ақша салып, мерзімін өткізіп алмау үшін сол айдағы берешекті төлеу керек.

     

    Шотқа ақша салудың бірнеше тәсілі бар:

     

    Өзінің Kaspi Gold-ынан

    Kaspi Pay қосымшасында тек ЖК үшін: Аударым → Шоттарымның арасында.

     

    Реквизиттер бойынша

    Kaspi.kz бөлімшесіне хабарласу керек. Кез келген жеке тұлға шотқа ақша сала алады.

     

    Кез келген Kaspi.kz бөлімшесін Kaspi.kz қосымшасындағы «Kaspi Maps» сервисінен таба аласыз. Шотқа ақша салу әрдайым комиссиясыз.

    Жаңартылды 12.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?