Жеткізушілерден сатып алған тауар бөліп төлеу автоматты түрде өтеледі: күн сайын шоттан белгіленген сома алынады. Оны Kaspi Pay қосымшасынан көре аласыз: Жеке Банк сервисіне → Бөліп төлеп тауар сатып алу деп өтіңіз, экранда күн сайынғы төлеу мөлшері көрсетіледі.
Ақша тек ағымдағы күнгі сатылымнан алынады. Егер ол жеткіліксіз болса, сома клиент сатып алған заттың ақысын төлегеннен кейін бірден алынады. Егер түсім болмаса, Kaspi Pay шотына ақша салып, бөліп төлеу бойынша берешекті төлеу керек.
Соңғы төлем жасалғаннан кейін Kaspi Pay қосымшасында сізге Бөліп төлеп тауар сатып алудың толық өтелгені туралы хабарлама келеді. Қолжетімді сома 5 минутта сіз салған сомаға қалпына келеді және қайтадан бөліп төлеп тауар сатып ала аласыз.
Күн сайынғы төлемді есептеу формуласы:
Жалпы берешек / 14 күн
Мысал:
Жалпы берешек — 140 000 теңге.
Күн саны — 14.
Күн сайын өтеу — 10 000 теңге.
Жаңартылды 12.08.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Өтеу