- Жаңартылды 30.05.2025
Бөліп төлеуге Сатып алу — бұл Kaspi Pay-дің серіктестерге арналған бірегей өнімі. Оның көмегімен олар тауарды жеткізушіден бірден алып, ақысын 30 күннің ішінде артық төлемсіз төлей алады.
Бөліп төлеуге Сатып алу сомасын алу компанияның басшысына кез келген сәтте — Kaspi Pay мобильді қосымшасында онлайн қолжетімді.
Осыдан кейін сіз бұл қаражатты «Kaspi.kz-тегі Төлемдер» сервисімен ынтымақтастық орнатқан жеткізушілермен есеп айырысқан кезде бірден пайдалана аласыз. Сондай-ақ бұл төлеу тәсілі сіз лимит белгілеген қызметкерлерге қолжетімді болады.
Комиссия — бар болғаны жеткізушіге төлейтін сомаңыздың 0,95%. Ол Kaspi Pay шотынан алынады.
Бөліп төлеуге Сатып алу күн сайын, Kaspi Pay-мен өткізген сатылымыңыздан автоматты түрде өтеледіі. Соңғы төлемнен кейін сізге Kaspi Pay мобильді қосымшасына шот толығымен өтелгені туралы хабарлама келеді. Қолжетімді сома 5 минутта сіз салған сомаға қалпына келеді және қайтадан бөліп төлеуге сатып ала аласыз.
Назар аударыңыз: Шымкент, Түркістан, Сарыағаш, Жетісай, Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысындағы серіктестер тауарды бөліп төлеп, сатып ала алады. Қазақстанның басқа қалаларында біртіндеп іске қосылады.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?