Иә. Kaspi Pay мобильді қосымшасынан алған анықтамалар ҚР заңнамасының талаптарына толықтай сәйкес келеді.
Олардың түпнұсқалылығын тексерудің бірнеше тәсілі бар:
- Смартфонның көмегімен анықтаманың QR-кодын сканерлеңіз.
- Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Гид» сервисіне өтіңіз →Баптаулар → Kaspi Гид → Анықтамалырды тексеру сервисі. Өзіңіздің ЖСН-ды, анықтаманың нөмірін енгізіп, «Тексеру» деп басыңыз.
Содан кейін құрылғының экранында құжаттың түпнұсқалығы туралы «Kaspi Pay» ЖШС-ның растауы ашылады.