Kaspi Pay мобильді қосымшасында мына бөлімге өтіңіз: Аударым → Келісім-шарттар бойынша → Келісімшарт қосу. Келісімшартты немесе инвойсты қоса тіркеп, оны тексеруге жіберіңіз.
Келісімшартты тексеру 2 сағатқа дейін уақыт алады және жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тексеру уақыты ұзартылуы мүмкін.
Содан кейін КЕН беру үшін ұйымның басшысына «Құжаттарға қол қою» батырмасы бар Push-хабарлама келеді.
Kaspi-дің электрондық қолтаңбасы арқылы өтінішке қол қою керек.
Келісімшартқа есептік нөмір автоматты түрде беріледі және ол бойынша бірден төлем жасауға болады.