Қате жіберілген аударымды қайтару үшін, ағымдағы шотты ашқан кезде көрсеткен электрондық мекенжайыңыздан бізге business@kaspi.kz-ке еркін нысанда хат жазыңыз.
Хатта төлем туралы мәліметтерді: нөмірін, күнін, сомасын, алушының реквизиттерін жазып, тарифтермен келісетініңізді көрсетіңіз.
Қайтарғаны үшін комиссия баламасы:
- АҚШ долларымен немесе юаньмен, ақша аудару үшін — 100 USD;
- еуромен, швейцар франкімен, фунт стерлингпен, ақша аудару үшін — 100 EUR;
- рубльмен, ақша аудару үшін — 500 RUB құрайды.
Сіздің хатыңыздың негізінде біз корреспондент банкке аударымды қайтаруға сұрату жібереміз.
Аударым алушыға әлі жеткізілмеген жағдайда немесе алушы қате алынған төлемді қайтаруға келіскен жағдайда қайтару мүмкін болатынына назарыңызды аударамыз.
Егер алушы, ақшаны қайтарудан бас тартса немесе алынған соманы пайдаланып қойса, онда қайтару мәселесін өзіңіз шешуіңіз керек.
Аударымды қайтарғаны үшін алынған комиссия қайтарылмайды.