• Kaspi Pay мобильді қосымшасында Аударым → Растауға жолдау  → Кіріс сервисіне өтіп, керегін таңдаңыз. Аудару мақсатын: тауардың атауын немесе қызмет түрін көрсетіңіз.

     

    Қажет болса мына құжаттарды ұсыныңыз:

     

    Валюталық келісімшарт
    егер баламасы 10 000 АҚШ долларынан көп алсаңыз.

     

    Жаңа келісімшартты «Келісім-шарттар бойынша төлем» бөлімінде жасауға болады.

     

    Валюталық бақылаушы оны бір сағаттың ішінде тексереді — жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін. Нәтижесі Kaspi Pay мобильді қосымшасында хабарламамен келеді.

     

    Ақшаның шығу көзі туралы өтініш
    егер басқа банктен өз қаражатыңызды аударсаңыз.

     

    Ақшаның шығу көзі:

     

    • экспорттық түсім;
    • ішкі валюта нарығында сатып алу болуы мүмкін: валютаны сатып алған күніңізді және өзіңіз пайдаланған келісімшарттың нөмірін көрсетіңіз.

     

    Сосын «Кіріс төлемді растау» деп басыңыз да, SMS-тегі кодты енгізіңіз.

     

    Ақша Kaspi Pay-дегі шотыңызға бір сағаттың ішінде түседі. Kaspi Pay мобильді қосымшасында Сізге бұл туралы хабарлама келеді.

     

    Назар аударыңыз:

     

    • тексеру уақыты ұлғаюы мүмкін;
    • Kaspi Pay аударым сомасына қарамастан, қосымша деректерді, құжаттарды немесе олардың мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын сұратуы мүмкін.
    Жаңартылды 25.06.2024
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?